Жамбыл облысы Швейцария, Түркия және Сауд Арабиясынан жаңа инвестиция тартуды көздеп отыр


Новости / 18 ноя 2023 23

KGIR-2023 аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев 81,5 миллион долларлық келісімдерге қол қойды. Жаңа шетелдік инвестициялардың ағыны аймақта жаңа инновациялық өндірістер мен жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.

Дереккөз:tengrinews.kz

Швейцарияның INOKS Capital компаниясымен ауылшаруашылық өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жоспарлануда.

«Al Rajhi International for Investment» араб компаниясымен ынтымақтастық аясында мал бордақылау, ет және көкөніс өнімдерін өңдеу, инфрақұрылым мен суару жүйелерін дамыту бойынша агроөнеркәсіп кешенінің жобалары қарастырылуда.

«YDA İNSAAT SANAYI VE TICARETANONIM ŞIRKETI» түрік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан көп салалы жол сервисі кешенінің құрылысы мен іске қосылуы барысында Жамбыл облысының 900-ден астам тұрғынын жұмыспен қамту жоспарлануда.

Кешеннің іске қосылуы көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушылар ағыны мен жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді. «А» санатты кешен аумағында қонақүй,жанармай құю бекеті, электрмен жүретін көліктерді зарядтау бекеті және сервистік қызмет көрсету орталығы, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, балаларға арналған ойын алаңы салынады деп жоспарлануда. Шетелдік компаниялармен тиісті келісімдерге облыс әкімі ҚГИР-2023 алаңында да қол қойды.

KGIR панельдік сессиясында сөз сөйлеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев инвесторларды қолдау өңір үшін маңызды басымдық екенін атап өтті.

Дереккөз:tengrinews.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.