Қазақстанның геологиялық деректерін талдауда жасанды интеллект қолданылуда


Новости / 02 июн 2026 27

Қазақстанда тарихи геологиялық мұраны ауқымды цифрландыру жұмысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда тарихи деректердің 97,5%-ы толық сканерленген. Бұл – ондаған жыл бойы тек қағаз түрінде сақталған шамамен 4,7 миллион карта парағы мен есептер. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова хабарлады. Негізгі мақсат – ақпаратты жай сақтаудан оны тәжірибеде қолдануға көшу.

«Қазіргі уақытта геология саласында деректерді талдау технологиялары мен жасанды интеллектті қолдану бағыты дамып келеді. Геологиялық деректердің бірыңғай базасы қалыптастырылуда. Бұл мамандарға жекелеген құжаттармен емес, барлық ақпарат жиынтығымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде шешімнің прототипі жасалып, 1 терабайт көлеміндегі алғашқы деректер жүктелді. Мұндағы басты міндет – іздеу процесін жеделдету, түрлі дереккөздерді салыстыру және бастапқы аналитиканың сапасын арттыру. Сонымен қатар соңғы шешімді мамандар қабылдайды», – деді спикер.

Сондай-ақ интерактивті карта мен геологтың жеке кабинетінің прототипі әзірленді. Олар материалдармен бір ортада жұмыс істеуге және іздеуден практикалық пайдалануға жылдам көшуге мүмкіндік береді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.