ЗАҢДЫ БЕЛДЕН БАСЫП ОТЫРҒАН ТАНКАЕВА КІМГЕ СЕНІП ОТЫР?


Расследования / 05 июн 2023 24

Кез келген мемлекеттің дамуын тоқтатып, оның экономикалық өрлеуіне кері әсерін тигізетін қоғамдақ дерттің бірі – аляқтық болып саналады. Алаяқтық тамырын жайған ортада, мейлі ол мемлекеттік мекеме болсын, мейлі жеке өнеркәсіп болсын айрандай ұйыған ұжымнан береке кетеді. Аталған қоғамдық кеселді бір кәсіпорын деңгейінде саралап көрсек. Мұндай ортада ортақ келісім, жұмысқа деген жапуапкершілік болмақ емес. Есесіне бірін—бірі аңду, қудалау, қолдан жасалған кедергілер салдарынан кәсіпорын көрсеткішін кері тарту, тіпті мекеменің қаржы-экономикалық жағдайына араласып, талан-таражға түсуіне жол ашу....

Кез келген мемлекеттің дамуын тоқтатып, оның экономикалық өрлеуіне кері әсерін тигізетін қоғамдақ дерттің бірі – аляқтық болып саналады. Алаяқтық тамырын жайған ортада, мейлі ол мемлекеттік мекеме болсын, мейлі жеке өнеркәсіп болсын айрандай ұйыған ұжымнан береке кетеді. Аталған қоғамдық кеселді бір кәсіпорын деңгейінде саралап көрсек. Мұндай ортада ортақ келісім, жұмысқа деген жапуапкершілік болмақ емес. Есесіне бірін—бірі аңду, қудалау, қолдан жасалған кедергілер салдарынан кәсіпорын көрсеткішін кері тарту, тіпті мекеменің қаржы-экономикалық жағдайына араласып, талан-таражға түсуіне жол ашу. Осы айтылған келеңсіздіктердің барлығы да алаяқтық жайлаған жерде көрініс беретін дерт десе болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Ақтөбе қаласындағы «Сконур» құрылыс компаниясы ЖШС басына қара бұлт болып үйірілген мәселені айтуға болады. Құрылыс компаниясының бұрынғы директоры Альтаир Сапашевтің айтуынша Ақтөбеге есімі жақсы таныс Нұржамал Танкаева 2015 жылы 100 пайыз үлесін Еркін Сейтпағанбетовке сыйлайды. Ал, келесі жылы Еркін «Сконур» ЖШС-дегі үлесін үшке, 33% Нұржамал Танкаеваға, ал қалғанын ағайынды Сеитпағанбетовтер өз ара бөліп алады. Арада көп уақыт өтпей-ақ Танкаева ханым үлескер мәртебесінен компаньон мәртебесіне ие болады. Оның, осылайша оп-оңай жолы болуына компанияның тағы бір компаньоны Ерболат Сейтпағанбетовтың қолдауы себеп болған. Өйткені, Ерболат Сейтпағанбетов сынаптай сырғып тұрған Танкаева Нұржамалдың күйеу баласы. Құрылыс компаниясының экс директоры Альтаир Сапашевтің айтуынша ағайынды Еркін мен Ерболат Сейтпағанбетовтер тәжірибелі құрылысшы, аталған салада жинаған тәжірибелері мол, құрылыс жүргізуге лайықты техникамен қамтамасыз етілген мамандар. Сондықтан да, олар бұған дейін де бірнеше құрылыс нысандарын сапалы тұрғызып, белгіленген нормативтік талаптарды бұзбай, уақытында тапсырып келген. Алаяққа тек ақымақтар ғана алдана ма? Жоқ. Кез келген ары таза, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілі жоғары, саналы топ өкілін құрайтын адамдарда аляқтықтың құбанына айналады екен. Неге десеңіз ары таза адамдар елге пайдасын тигіземін, жұртқа жақсылық жасаймын деп, «жарғақ құлағы жастыққа тимей» ерте күнді кеш ете еңбек етеді. Мұндай жандардың алаяқтық секілді азғындыққа баруға уақыты да ынтасы да жоқ. Жақсы адамдардың жоғары қасиетін аяқ асты етіп, қара басының қамы үшін бүтін дүниені бүлдіруге жаны құмар мұндайларды бүгінгі қоғамның, тіпті мемлекеттің жауы десе болады. Біздің журналистік зерттеуіміз бұл мәселені жіті назарда ұстап отыр. Алда қалай болады, әділдік үстемдік ала ма, жоқ әлде тамыры тереңдеген жемқорлықтың бір ағайыны алаяқтық жеңе ме, уақытында хабарлайтын боламыз!

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.