Қытайда кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топтың 39-шы пленарлық отырысы аяқталды


Новости / 09 дек 2023 15

Ауқымды іс-шараға:

1) ЕАТ мүше мемлекеттердің делегациялары: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан;

2 ) бақылаушы мемлекеттер мен шақырылған юрисдикциялардың делегациялары: Әзірбайжан, Армения, Гонконг, Иран, Люксембург, Макао, БАӘ, АҚШ, Жапония;

3) халықаралық ұйымдар: ФАТФ, БҰҰ бейіндік комитеттері, Дүниежүзілік банк, ЕЭК, ҚББ жетекшілер кеңесі, ШЫҰ және басқалар.

4) Қазақстан Республикасынан: Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыбайлас жемқорлық

Ауқымды іс-шараға:

1) ЕАТ мүше мемлекеттердің делегациялары: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан;

2 ) бақылаушы мемлекеттер мен шақырылған юрисдикциялардың делегациялары: Әзірбайжан, Армения, Гонконг, Иран, Люксембург, Макао, БАӘ, АҚШ, Жапония;

3) халықаралық ұйымдар: ФАТФ, БҰҰ бейіндік комитеттері, Дүниежүзілік банк, ЕЭК, ҚББ жетекшілер кеңесі, ШЫҰ және басқалар.

4) Қазақстан Республикасынан: Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ AML академиясының қызметкерлері қатысты.

ЕАТ пленарлық апталығы аясында Қазақстан делегациясы КЖ/ТҚҚ саласындағы өз әзірлемелерін ұсынды:

1) цифрлық активтердің айналымын заңнамалық реттеу жүйесі және олардың заңсыз айналымына қарсы күресте қабылданып жатқан шаралар көрсетілді;

2) КЖ/ТҚҚ саласындағы құзыретті органдардың үздік өзара іс-қимылы бойынша конкурста заңды тұлғаларды пайдалана отырып, кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша ҚМА оң тәжірибесі ұсынылды;

3) бенефициарлық меншік иелерін құру және олардың тізімін қалыптастыру бойынша озық тәжірибе таныстырылды;

4) АХҚО субъектісі "Advanced Payment Solution" төлем ұйымы ұйымға мүше мемлекеттердің қаржы мекемелері арасында ЕАТ ІІ конкурсының лауреаты атағына ие болды.

Сондай-ақ, қол қойылған құжаттар:

1) ҚР ҚМА мен БР тергеу комитеті арасындағы экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;

2) "AML Academy" қаржылық мониторинг академиясы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық барлау оқу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум.

Пленарлық отырыста ЕАТ-тың 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясын және 2024 жылға арналған нақтыланған жұмыс жоспарын бекітті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тікелей қатысуымен дайындалған «Есірткі мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымынан алынған қылмыстық кірістерді жылыстату» тақырыбындағы типологиялық зерттеу мақұлданды.

Жылыстатуға қарсы жүйеге қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасына техникалық жәрдем көрсету жөніндегі жоспар қабылданды.

Активтерді қайтару жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын қаржылық тергеулер жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасына қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп ЕАТ 39-пленарлық отырысын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.