ҚР ТЖМ: халықты табиғи өрттерден қорғау бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр


Новости / 12 мая 2026 28

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешевтің айтуынша, өрттің алдын алуға және ерте анықтауға басты назар аударылады. Республикалық жедел штаб жұмысын бастады.

«Үйлестіру цифрлық сервистер шоғырланған ТЖМ-ның Ахуалдық залының техникалық мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда өртті ерте анықтау және ғарыштық мониторинг жүйелерінің деректері арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Қосымша «Табиғат» жүйесі, найзағай бағыттау сервистері және «Төтенше жағдайлардың геоақпараттық жүйесі» қосылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін аэрошолу жүргізілуде, ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылды. Орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.