ТҮРКІСТАН: САУРАНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 2,1 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ


Новости / 21 мая 2023 14

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Түркістан-Кентау және Түркістан-Шорнақ автомобиль жолының бойында ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына 186 адам қатысты. Нәтижесінде 2,1 тонна қоқыс жиналды. 133 дана ағаш түбі әктеліп, 31 дана ағаш ретке келтірілді.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.