Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар кеңінен қолдануда


Новости / 29 ноя 2023 24

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 1 трлн теңгеден асып, өңір республикада көш бастады.

Жыл басынан бері салаға 88,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналды. Өңір әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 25 жобаны іске асыру көзделсе, жыл басынан бері нақты 22-сі іске қосылды.

«Салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарқынды бау көлемі 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, 350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы енгізіліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Бұған қоса, 100 гектардан агроаймақ құрып, 500 гектарға жаңа жылыжай салуды жоспарлап отырмыз», - деді аймақ әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.