Шығыс Қазақстан облысы майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жеткілікті қуатқа ие


Новости / 30 ноя 2023 20

Өңірде май экстракция жасайтын 12 кәсіпорын бар.

Қуаты 50 мың тонна жаңа «Алтай май» зауытын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы облыс басшысы Ермек Көшербаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Бұрынғы өндіріске жаңа зауыттар қосылғанда май тұқымын қайта өңдеу көлемі 900 мың тоннаға жетеді. Өсімдік майының экспорты 2 есе өседі деп болжануда. Жақында Шанхайда қазақстандық май өнімдерін, оның ішінде облысымыздың кәсіпорындарынан жеткізу шарттарына қол қойылды», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Оның айтуынша, өңір Қазақстанда алғаш рет жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеуді қолға алмақ. Ал 2025 жылдан бастап құрғақ лецитин шығару жоспарлануда.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.