ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Новости / 30 янв 2024 37

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын таныстырды. Қазақстанда 2030 жылға дейін 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін және қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға ұлғайтуға ниетті.

Су ресурстары және ирригация министрлігі фермерлерді су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жасап жатыр. Еліміздің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында Ақпараттық-талдау орталығын құру жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр. ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында 3,5 мың шақырымнан астам каналдарды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланған. Су ресурстары және ирригация министрлігі Көкарал бөгетін сақтау, өзен атырауларын қалпына келтіру сияқты тиімді шараларды іске асыру арқылы өзен-көлдердің таяздануы, Арал және Каспий теңіздерінің деңгейінің төмендеуі сияқты экологиялық мәселелерді шешуге ниетті.ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру 2030 жылға қарай 10 текше шақырымға дейін су жинауға және үнемдеуге, сондай-ақ суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасын Парламент Мәжілісі қарастырып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «қара нарығын» жою жөніндегі, оның ішінде су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қатаңдатуға ниетті.Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап жоғарғы оқу орындары студенттердің кәсіптік практикадан тікелей ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өндірісте өту мүмкіндігімен, одан әрі жұмысқа орналасумен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.Ағымдағы жылы су шаруашылығы ұйымдарының 450-ге жуық маманы мамандандырылған орталықтар жанынан біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.