ҚР МАМ қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады


Новости / 11 апр 2024 28

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов атап өткенедй, мониторинг барысында жалған және қате ақпарат таратудың 28 фактісі анықтал, кейіннен олар уәкілетті органдар тарапынан теріске шығарылды.

«Көбінесе бөгеттердің бұзылу қаупі, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың қирауы, су қоймаларындағы, электр станцияларындағы және басқа да стратегиялық объектілердегі апаттар, ауыз судың ластануы, эвакуациялау орындары мен тәртібі туралы жалған ақпарат жиі тарайды», - деді спикер.

Ведомство өкілі кеше ғана ел билігі немесе Үкімет мүшелері атынан жарияланған көмек жинау туралы жалған ақпарат таратылғанын еске салды.

«Бүгінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осындай 20-дан астам хабарламаны жоққа шығарды. Мұндай әрекеттер қоғамға ешқандай пайда әкелмейді. Бұл мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының назарын құтқару және қалпына келтіру жұмыстарынан басқаға аударады», - деді Қанат Ысқақов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.