ҚР ҚМ: банкроттықты тану бойынша рәсімдер онлайн-форматта жүргізіледі


Новости / 26 июн 2024 18

ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды жүзеге асыру барысына тоқталды. Заң 2023 жылдың 3 наурызында күшіне еніп, азаматтардан өтініштер қабылдана бастады.

«Алты ай тексеріс жүргізіліп, бірінші азаматтар 2023 жылдың қыркүйегінде банкрот деп танылды. Барлық процесс онлайн форматта жүргізіледі. «Жеке тұлғалардың банкроттығы» деп аталатын ақпараттық жүйе әзірленді. Ол жүйе бойынша әр арызданушы арызының қай жерде қаралып жатқанын көреді және арыз қайтарылған жағдайда, оның негіздемесімен таныса алады. Процесстің автоматты түрде жүргізілуіне байланысты қағаз құжаттарды МКК тапсыру талаптары азайтылды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.