ҚР ІІМ: Қазақстанда ауыр қылмыстар саны азайды


Новости / 13 фев 2025 211

Елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту үшін бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды, онда оларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.

«Нәтижесінде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел бойынша ұрып-соғу, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 7 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді. Бұрын мұндай құқық бұзушылықтар үшін адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып келген. Осылайша, тұрмыс саласындағы аса ауыр қылмыстар саны 2,2%-ға, оның ішінде кісі өлтіру - 6,5%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары 25,5%-ға, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру 12%-ға азайды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.