ҚР аумағынан шығу кезінде жүк автокөліктері үшін электронды кезек жүйесіндегі өзгерістер


Новости / 26 дек 2023 6

2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңына түзетулер күшіне енді, олар Қазақстан Республикасынан шыққан кезде жүк көлік құралдарының электрондық кезек жүйесінде брондауды көздейді.

Мемлекет шекарада цифрлық реттеуді кезең-кезеңімен енгізуде және өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғыртуда. Мәселен, бүгінде электронды кезек Қытаймен 5 өткізу пунктінде, Өзбекстанмен 4 пунктте, Түркіменстанмен 1 өткізу пунктінде және әзірге Ресеймен 1 пунктте ғана енгізілді. Электрондық кезек жүйесі іске қосылған сәттен бастап (2022 жылғы қарашадан бастап) жүйе 410 мыңнан астам электрондық рұқсаттама берді.

Барлық өткізу пунктінде электрондық кезекті енгізу бойынша жұмыс 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Шекарада жиналып қалуды және күтуді болдырмау үшін әлемнің көптеген елдері өз шекараларында электронды кезек енгізеді. Бүгінгі таңда Беларусь Республикасының, Балтық елдерінің оң тәжірибесі бар, оларда кезекті брондау жүйесі бұрыннан енгізілген және бұл рәсім ақылы. Жүйе республикалық маңызы бар жолдарда жүк машиналарының кезекте жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.

Электрондық кезекті енгізу өз жемісін берді – құрал жоғары тиімділік көрсетті. Көптеген өткізу пунктінің өткізу мүмкіндігі бірнеше есе өсті, бизнестің экономикалық белсенділігі де өсті. Электрондық кезек жүйесі «Qoldau» мемлекеттік цифрлық платформасында қолжетімді, осылайша кезекті қалыптастыру ашық жүргізіледі, яғни механизмге қоғамдық бақылау бар. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет тасымалдаушылардан электрондық кезекті рәсімдегені үшін ақы алатын болады. «CarGoRuqsat» сервисі арқылы рәсімдеу құны небәрі 1 АЕК-ті құрайды, яғни бюджетке түсетіні бір айлық есептік көрсеткіш.

Сондай-ақ, бизнестің қатысуымен икемді тариф әзірленді, ол тасымалдаушыға кезектен тыс немесе жеделдетілген жол жүруді пайдалануға мүмкіндік береді, оның құны 100 АЕК болады. Qoldau платформасында «CarGoRuqsat» электрондық кезек сервисін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары әзірледі. 1993 жылғы қарашада РМҚК нысанында құрылған «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ бүгінде мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.