«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым) қосымша баяндама


Новости / 27 июн 2023 25

«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» заң жобасы оған ілеспе түзетулер топтамасымен органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, органикалық өнімнің ішкі нарығын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге, сыртқы нарықтарда отандық өндірушілердің органикалық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар олардың негізгі ережелерін нақтылауға және толықтыруға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, б

«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» заң жобасы оған ілеспе түзетулер топтамасымен органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, органикалық өнімнің ішкі нарығын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесуге, сыртқы нарықтарда отандық өндірушілердің органикалық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар олардың негізгі ережелерін нақтылауға және толықтыруға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, бірлескен кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіне, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілерді топтық сертификаттауға қатысты нормалар қайта қаралды. Органикалық өнім өндірушілерге қойылатын талаптар кеңейтілді, оларға сәйкес олар генетикалық түрлендірілген объектілерді, синтетикалық шыққан заттарды, химиялық пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды, сондай-ақ топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін қолдануды болдырмауға міндетті болады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақтыланды. Сонымен, уәкілетті органға органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлеу және бекіту, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға – өнімді өткізу кезінде органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар беріледі. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның функциялары қолданыстағы заңнамамен жеткілікті деңгейде реттелген, сондықтан алынып тасталады. Сонымен қатар, жұмыс тобында мынадай нормалар қаралды:

органикалық өнім өндіруші органикалық өнім өндіруге, оның ішінде экспортқа өткізуге арналған талаптарды орындамаған кезде сәйкестік сертификатын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу; органикалық өнім өндіру және оның айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету; органикалық өнім өндірісін сертификаттауға, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды сатып алу құнын субсидиялауға жұмсалған шығыстарды өтеу. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыруға бағытталған «аграрлық қолхат» деген жаңа қаржы құралы енгізіледі. Барлық тұрақты комитеттер заң жобалары бойынша оң қорытындылар берді. Жұмыс тобының қарауына 200-ден астам түзету келіп түсті, уәкілетті органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен 9 отырыс өткізілді. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Аграрлық мәселелер комитеті заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады. Қолдауларыңызды сұраймын- Қожаназаров Айдарбек

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.