Олжас Бектенов «Шелл плс» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен жергілікті қамтуды арттыру мәселесін талқылады


Новости / 18 мар 2024 20

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шелл плс» концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, онда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР Үкіметінің басшысы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басымдығын атап өтті.

«Бүгінде жоба операторларының жұмысындағы жергілікті қамту үлесі қолайлы деңгейде, ал тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен. Бұл өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынасты қажет етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.(Дереккөз:ortcom)

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады. Сондай-ақ талқылау нәтижесінде жақын арада ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралатын болады.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар «Шелл» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік және білім беру жобаларының оң әсерін атап өтті.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.