Олжас Бектенов: әкімдердің жұмысын тұрғындардың тұрмысын жақсартудың нақты индикаторлары бойынша бағалайтын боламыз


Новости / 29 июл 2024 14

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті – еліміздегі өмір сапасын жақсарту. Тетік бар, мемлекеттік қолдау шаралары жұмыс істейді, мемлекет қажетті қаражатты бөледі. Біз әкімдердің адамдардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін нақты бағалау критерийіне көшеміз. Индикаторлардың орындалу мониторингі тұрақты болады. Біз онлайн режимінде динамиканы көріп, қорытынды жасаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.