Олжас Бектенов білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды


Новости / 06 авг 2024 16

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ішкі істер министрі Ержан Сәденов білім беру нысандарындағы қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ жекелеген өңір әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет басшысы бірқатар өңірлерде кейбір оқу орындарының дайындығы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі жоғары білім ошақтарының жетеуі Ақтөбе облысында орналасқан.

«Құрылыс жұмыстары негізсіз созылып кетті. Осы бағытта барлық күш-жігерді біріктіріп, нысандардың белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталуға тиіс. Алайда, 18 мектепте жоспарланған жұмыстардың 30%-ы ғана орындалған. Бұл Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарына қатысты. Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдамаса болмайды. Балалар таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы үшін оқу процесі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар. Сонымен қатар оқу жылы басталғанша, физика, химия, биология, робототехника бойынша мыңға жуық пәндік кабинет сатып алынуы керек. Өңір әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектептерде заманауи пәндік кабинеттер ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етуі қажет. Бұл жұмысқа салғырт қарауға болмайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.