Қолма-қол ақша мен заңсыз темекі: азаматтар шекарадан өткенде қандай заң бұзушылыққа жол берген?


Новости / 20 мар 2024 28

Ағымдағы жылдың 16 және 18 наурызында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде ҚР-дан әкету кезінде еліміздің екі азаматынан декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды.

Бір азаматта 45 мың АҚШ доллары, ал екіншісінде 2,6 млн.теңге мен 5 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша болған. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Одан бөлек, 2024 жылғы 18 наурызда ШЫХО-Қорғас келушілерінің багажын тасымалдайтын автокөлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде ҚР үш азаматының багажынан темекі өнімдері табылды. Белгіленген нормаларға сәйкес бір жеке тұлғаға 200 темекі немесе 1 блок темекі тасымалдауға рұқсат етіледі (ЕЭК-тің 20.12.2017ж. № 107 шешімдері). Қазіргі уақытта контрабандалық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылған, есептеу жүргізілуде. Нәтижелері бойынша ҚР әкімшілік заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.