Нұргүл Тау Алматы және Алматы облысының білім беру нысандарымен кездесу өткізді


Новости / 16 янв 2024 23

Парламент Мәжілісінің Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау Алматы және Алматы облысының жоғары оқу орындары мен жатақханаларын аралады.

Студенттермен, оқытушылармен және техникалық қызмет көрсетуші мамандармен кездесті. Олардың қатарында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Абай атындағы ҚазҰМУ, ҚБТУ, Талғар политехникалық колледжі, Талғар медициналық колледжі бар.

Сапар барысында депутат оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және студенттердің тыныс-тіршілігіне ерекше назар аударды.

"Маған жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларының жай-күйіне қатысты тұру жағдайына байланысты әр аймақтағы студенттерден үнемі шағымдар келіп түседі. Әсіресе, жатақханаларға ерекше назар аудару керектігі Алматығы қайғылы оқиғадан кейін айқын болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балаларға арналған жол инфрақұрылымы мен ғимараттардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондықтан оқу орындарында сапалы қауіпсіздік жүйесін және жақсы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет", - деп атап өтті Нұргүл Тау.

Депутат Алматы мен Алматы облысында өзі аялдаған әрбір оқу орны мен жатақханада қауіпсіздік жүйелерін тексеруге ерекше назар аударды:

бейнебақылау жүйелерінің жұмысы, күзет агенттіктерінің өкілдері дабыл түймесіне қаншалықты тез келетіні тексерілді. Сондай-ақ, жатақханалардағы тұрмыс-тіршілік, студенттердің, техникалық персоналдың қажеттіліктері, ал оқу орындарының басшылығымен - оқу процесіне байланысты негізгі мәселелер талқыланды.

26665174-c4fe-4c8f-bef2-059f459342e4.jpg

Сонымен қатар Нұргүл Тау педагогтармен кездесті. Алматы мен Алматы облысында өткен іс-шараларға қосымша білім беру саласының 300-ден астам өкілі қатысты. Педагогтарды толғандыратын мәселелер - қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету, АртСпорт бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру, сондай-ақ, қосымша білім беру педагогтарының мәртебесі. Олар жүргізіп жатқан жұмыс балалардың толыққанды және жан-жақты дамуы үшін маңызды рөл атқарады.

Қосымша білім беру мұғалімдерінің мемлекет қолдауын сезінуі маңызды. Балалармен жұмыс істеу, олардың шығармашылық әлеуетін ашу - өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызы зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. «Үйлесімді тұлға мен жауапты азаматты қалыптастыру негіздері бала кезінен қаланады. Еліміздегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - делінген Президенттің Жолдауында, - деді депутат.

Проблемалық құрылыс нысаны

Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Нұргүл Тау Алматы облысына барып, халықпен кездесу барысында аталған құрылыс алаңына барды. Онымен бірге партияның Алматы облыстық филиалы қызметкерлері, мәслихатының депутаттары, Талғар әкімдігінің өкілдері келді.

fc08a595-c6ed-45f6-855b-ad076245762a.jpg

Мердігер «SheberBuild» ЖШС мектепті күрделі жөндеуден өткізуде. Бұған бюджеттен 900 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу өткен жылдың маусым айында басталды және ғимаратты бұзу жұмыстары бүгінде 98 пайызға аяқталды. Бұл ретте толық жаңартылған мектеп ағымдағы жылдың наурыз айында пайдалануға берілуі тиіс. Орындалған жұмыс көлемі мен жұмысшылар санына қараса, нысанның уақтылы тапсырылуы күмәнді. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізудегі кідірістер туралы жергілікті тұрғындар үнемі хабарлап отырады, белсенді жұмыстардың жоқтығын Respublica партиясынан жергілікті мәслихат депутаттары бірнеше рет тіркеп отырды. № 10 Белбұлақ мектебінің оқушылары жөндеу жұмыстары кезінде өзге мектептерге барып оқуға мәжбүр.

Құрылыс басындағы жұмысшылардың айтуынша, бас мердігерден қаржыландырудың кешігуін жұмыс өнімділігіне кері әсер етуде. Депутат келгенін естіп көп ұзамай «Sheberbuild» мердігерлік ұйымының өкілдері құрылыс алаңына келді. Олар нысандағы жұмыс баяулағанын мойындады. Бірақ бұл күн райының салқындауы мен мереке күндеріне байланысты деп сендірді. Ал қаржылық қарыздар төленетініне, жұмыс қарқыны алдағы күндері қалпына келетініне уәде берді.

Сондай-ақ, құрылыс компаниясы мектептің жөндеу жұмыстарды уақытында аяқталады деді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.