Өндіруші өнеркәсіп – экономиканың бағыттаушы күші ме әлде экологияға залал келтіруші ме?


Новости, Экология / 09 ноя 2023 402

2023 жылғы 8 қарашада «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі А. Мысырәлімова Қазақстан Республикасының премьер-министрі Ә.А. Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

Президенттің Жолдауында ұлттық экономиканың өсуінің сенімді көзі болып табылатын өндіруші өнеркәсіпке көп көңіл бөлінді. Алайда, соңғы уақытта ірі өндірістердің айналасында тұратын азаматтардың наразылығы артып келе жатыр. Шағымдардың басым көбі қоршаған ортаға және денсаулыққа нұқсан келтіретіні жайлы қарқын алуда. Жолдау барысында үкіметке технологиялық және экологиялық жағдайды денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін шешуші шаралар қабылдау тапсырылды.

Өндіруші өнеркәсіптің қызметіне шолу жасау барысында айтарлықтай өзекті мәселелер орын алып отыр. Атап айтқанда елді мекендерге жақын карьерлердің қызметі, бұл үшін жайылымдық жерлерді, су айдындарын сонымен қатар жер асты сулары кен орындарының шекараларын пайдалану мәселелері бар.Әсіресе,Астана қаласы мен оның маңындағы аймаққа қатысты, оның айналасында ерекше экологиялық қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.

Қоршаған ортаның жай-күйі және ҚР Табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың деректері бойынша 2021 жылы республика бойынша барлау мен өндіруге 1900 лицензия берілді. Тек Ақмола облысының аумағында 175 келісімшарт жұмыс істейді, олардың едәуір үлесі елордалық өңірлерге тиесілі. Пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялар беру, жер қойнауын пайдаланушылардың алған міндеттемелерін бақылауды ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Ал жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтаумен және қоршаған ортаны қорғаумен ішкі істер органдары айналысады. Өкінішке орай,жер қойнауын заңсыз игеру фактілері жеткілікті. Оған дәлел 2021 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінде жер қойнауын пайдаланушылар тұрғын үйлерден 2 метр қашықтықта орналасқан карьерден тас пен құм өндірумен айналысқан фактісі орнатылды. Тағы бір орын алып отырған жағдай Шығыс Қазақстан облысында алтын өндірушілер Кұлынжон өзенінің арнасын өз бетінше өзгертті. Жоғарыда аталып өткен заң бұзушылық салдарынан «қара қазушылар» саны артып келеді.Нәтиже ретінде тазартылмаған шұңқырлар Астанадан шығарылатын құрылыс қоқыстарын жинайтын орынға айналған. А. Мысырәлімова жолданған депутаттық сауалында үкіметке проблемаладрың алдын алу шараларын ұсынып, қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруін сұрайды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.