КОХ ДЕГЕН 30 ЖЫЛ БОЙЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ БАЙЛЫҒЫН ТОНАП КЕЛЕ ЖАТЫР: КАРЬЕРДІҢ АШЫЛУЫНА ҚАРСЫМЫЗ
28 желтоқсан 2023 жылы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы аймағында орналасқан «Карьер-5» аршу жыныстары кен орнының керамзит өндірісі бойынша қоғамдық тыңдау отырысы өткен.
Қоғамдық тыңдауда Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілі, «Каспий Технолоджи» ЖШС өкілдері, Баянды, Басқұдық, Қызылтөбе, Маңғыстау, Атамекен ауылдары тұрғындары, Баянды ауылы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаты Дюсалиев Болат, аудандық мәслихат депутаты Бабынбаев Сәндібек, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан тұрғындары өз қарсылықтарын білдіріп, карьердің ашылуына жол бермейміз деп кетті.
Мекеме Сіздерге табыс көзі болатын шығар, ал халыққа ешқандай пайда жоқ, мал жайылымы тарылады, экологиялық қиындық туындайды, жерді қазуға қарсымыз, бүгінде реті жоқ жерді қазып кетушілер көп, осы мәселе үшін арнайы Қызылтөбеден қарсылық білдіру үшін кеп тұрмын. Халық қарсы екенін көріп тұрсыздар, бұл жиналысты тоқтату керек-деді Қызылтөбе ауылы тұрғыны, шаруа қожалығы басшысы Қосов Сағат.
Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140
https://www.youtube.com/watch?v=tztDeX8Bk1A