Канаданың мұнай-газ компаниялары Қазақстанда бірлескен жобалардың іске асыруға мүдделі


Экономика / 20 сен 2023 12

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауын іс жүзінде іске асыру мақсатында Канаданың мұнай-газ астанасы Калгари қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі алғаш рет энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан–Канада «дөңгелек үстелін» өткізді

Іс-шара ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Калгаридегі 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресінің (ДМК) жұмысына қатысуы шеңберінде өткізілді.

Бизнеспен кездесу аясында А.Сәтқалиев Қазақстанның отын-энергетика секторын одан әрі дамыту жөнінде жан-жақты көзқарасын ұсынды. Президент Қ.Тоқаевтың жаңартылатын энергетиканы дамыту, елді газдандыру, ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі соңғы бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшу жөніндегі тәсілдері ерекше қызығушылық тудырды.

Өз сөздерінде «Cameco Corporation» компаниясының аға вице-президенті Ш.Куинн, «Hatch» жаһандық директоры М.Прайс, «Condor Energies» президенті Д.Стрю Қазақстанның энергетикалық әлеуеті толық ашылмағанын және айтарлықтай тәжірибесі мен озық технологиялары бар канадалық компаниялар бұл процеске ықпал ете алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара аясында қазақстандық тарап ДМК-ға қатысушы елдердің энергетика министрлерімен, Альберта, Ньюфаундленд және Лабрадор провинциялары және Канада Үкіметінің мүшелерімен, сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен ҚР аумағындағы перспективалық жобаларды талқылау мақсатында екіжақты келіссөздері өткізді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.