Инвестициялық штаб отырысында 2024 жылға арналған инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы қаралды


Новости / 19 фев 2024 33

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, Primeminister.kz.

Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы инвестицияларды ынталандыруға бағытталған шаралар туралы есеп берді. Оң нәтижелер көрсететін сауда нарықтарын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар отырыста 2023 жылы іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы бойынша жұмыс барысы талқыланды. Өткен жылы пул аясында 1,78 трлн теңгеге 298 жоба пайдалануға беріліп, 26,2 мың жұмыс орны құрылды. Инвестициялық пул санын ұлғайтуға және мемлекеттік органдардың іске асыру мерзімдерін өзгертпей жұмыс істеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.(Дереккөз:ortcom)

Бұдан басқа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу рәсімдерін жеңілдету бойынша тәсілдері мақұлданды, денсаулық сақтау, энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы жекелеген инвестициялық жобалар мәселелерін шешу бойынша тапсырмалар берілді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.