Халық жасаған төлеміне сай сапалы жылу алуы керек –Қайрат Балабиев


Новости / 09 янв 2024 21

Түркістан облысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Қайрат Балабиев, Ерлан Абдиев және Темір Қырықбаев Кентау қаласындағы нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Депутаттар «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, №5 Жылуэнергоорталығын қайта жаңарту жұмыстарының атқарылуын қадағалады. Қаңтар айының басынан бастап сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп келеміз. Халықпен өткен жүздесулердің барлығында дерлік жылу жетіспейді деген шағымдар көптеп айтылуда. Тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, Кентаудағы жылуэнергоорталығына кәсіпорынның бүгінгі қызметін арнайы көру үшін келдік. Орталықта төрт жылу қазандығы жұмыс істеп, жылу қуаты 60 пайыз ғана болып отыр. Бұл мәселені Кентау қаласының әкімдігімен, партиялық құрылымдар арқылы тұрақты бақылауымызға аламыз. Халық жасаған төлеміне сай сапалы жылу алуы керек, – деді Қайрат Балабиев.(Дереккөз:Мәжілістің Баспасөз қызметі)

Жылу беруші ұйымның және кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер ұйымның қызметін жіті бақылауда ұстау керектігі жөнінде депутаттар Ерлан Абдиев пен Темір Қырықбаев та айтты.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.