Электросамокаттардың тротуарлармен жүру тәртібі


Новости / 18 янв 2024 23

ІІМ өкілдері баспасөз конференциясында электросамокаттарды жалға беретін шерингтік компаниялармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Өздеріңіз білетіндей, заңнамаға сәйкес жаяу жүргіншілер аймақтарында электросамокаттармен жүрудің ең жоғары жылдамдығы 6 км/сағ. Біз шерингтік компаниялармен техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бағдарламалық жасақтама бар, жылдамдықты шектеуге техникалық мүмкіндік бар. Нәтижелері көктемде белгілі болады», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев. Ол үшін электросамокаттардағы GPS функциясы пайдаланылады.(Дереккөз:ortcom)

Бұдан басқа, Комитет қазіргі уақытта бизнес өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мәселелер кешенін пысықтауда.

«Жақында біз үш компанияның өкілдерімен кездестік. Біз бұл самокаттарды қою мәселесін талқыладық, өйткені адамдар самокаттарды жиі пайдаланады, бірақ сол жерде тастап кетеді. Сонымен қатар, қазір біз бизнес өкілдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарында самокаттарға арналған жол желісін дамыту мәселесін қарастырып жатырмыз. Яғни, біз жергілікті атқарушы органдармен, бизнес өкілдерімен бірлесіп, азаматтарымыз самокаттарды барынша көп пайдаланатын жерлерге мониторинг жүргіземіз. Дәл сол жерде адамдарға самокатпен жүруге барынша жағдай жасау үшін жолдар салу керек. Бұл басы ғана, қандай кемшіліктер мен артықшылықтар барын алдғағы уақытта көреміз, мәселелер одан әрі пысықталатын болады», - деп толықтырды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.