Digital Almaty форумында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан үкімет басшыларына отандық цифрлық ноу-хау жетістіктері көрсетілді


Новости / 02 фев 2024 49

Жыл сайын өтетін Digital Almaty форумы аясында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер ұсынылды. Пленарлық сессия алдында көрмемен Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Көрмеде 300-ден астам қазақстандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ GovTech, AgroTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City және т.б. сияқты цифрландыру салаларындағы мемлекеттік органдардың жобалары ұсынылған.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи технологияларды енгізу туралы айтып берді.

«Индустрия 4.0 – өнеркәсіп кәсіпорындары мен жер қойнауын пайдаланушыларға цифрлық технологияларды енгізу арқылы өз шығындарын қысқартуға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тренд. Көрмеде біз бірқатар цифрлық жобаларды жүзеге асырған тау-кен металлургия кешенінің бірнеше кәсіпорнын ұсынып отырмыз. Мемлекет қолдау шараларын көрсету арқылы Индустрия 4.0 жобаларын ілгерілету бойынша белсенді саясат жүргізуде. Бұл сондай-ақ бизнестің осындай технологияларды енгізуге жұмсаған шығындарын өтеуге қатысты. Бүгінгі таңда 183 млн теңгеден астам қаражат өтелді, бұл жұмыс жалғасуда», — деді ол.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.