Денсаулық сақтау министрлігі жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау жұмыстарын күшейтуде


Новости / 15 июл 2026 4

2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

2025 жылдан бастап скрининг бағдарламасы заманауи жоғары сезімтал диагностикалық әдістермен толықтырылды. Бұл ауруларды анықтау деңгейін арттырып, емдеуді анағұрлым ерте бастауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 млн пациент динамикалық бақылауда тұр. Тұрақты медициналық бақылау, қауіп факторларын қадағалау және қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ауыр асқынулардың туындау қаупін едәуір төмендетуге ықпал етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 млн адамның өмірін қиып, барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.