Биыл 283 каналды автоматтандыру жоспарланып отыр


Новости / 24 июн 2026 18

ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимовтың айтуынша, келген су көлемін ескеріп қана қоймай, су беруді автоматтандырылған басқаруға көшу маңызды. Бұл каналдардағы жағдайды көруге, сумен жабдықтауды тез реттеуге, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Биыл 283 суару каналын автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. «Қазсушар» РМК инвестициялық бағдарламасы аясында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарындағы каналдар автоматтандырылмақ», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл жобаларды іске асыру кезінде отандық және шетелдік технологиялық шешімдер қолданылады.

«Ел ішінде су инфрақұрылымын автоматтандыруға арналған жеке шешімдердің өндірісі дамып келе жатқаны маңызды. Бұл отандық өндірушілерді қолдауға, жергілікті құзыреттерді дамытуға және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді», - деді Аслан Абдраимов.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.