Азат Перуашев: Депутаттың сөзіне тосқауыл қоюға ешкімнің құқығы жоқ


Открытый диалог / 23 сен 2023 21

Бүгін Астана қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясы депутаттарының форумы өтті

Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған форумға «Ақ жол» демпартиясының Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, партияның барлық филиалдарынан келген делегаттар қатысты.

Еркін пікір алмасу форматында өткен шараны партия лидері, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өзі жүргізіп, делегаттардың көкейдегі сауалдарына жауап беріп, кейбір өзекті мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісті.

Ортадағы топқа мәслихат регламенті туралы толғамын жеткізген «Ақ жол» басшысы депутаттардың сөзіне ешкімнің шектеу қоюға құқы жоқтығын ескертті.

- Депутаттың сөзіне тосқауыл қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Әкімді сынайсыз ба, жоқ па, өз еркіңіз. Себебі, сіз депутатсыз - халықтың, сайлаушылардың өкілісіз, - форумда айтылды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.