Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді


Новости / 25 мая 2026 25

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді. Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Өңдеу жұмыстары көлеміне қарай Түркістан облысында (291,2 мың га), Жамбыл облысында (116 мың га), Ақтөбе облысында (35,6 мың га) және Жетісу облысында (17,3 мың га) орындалды. Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекесімен бірлесіп, зиянкестердің таралу ошақтарын уақытылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Барлық өңірлер қорғаныс шараларын толық көлемде жүргізу үшін қажетті пестицидтер қоры мен арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

Шегірткелердің шекаралас аумақтар арқылы көшуіне жол бермеу мақсатында министрлік көршілес елдердің салалық ведомстволарымен тұрақты түрде жедел ақпарат алмасу жұмыстарын қолға алып келеді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.