Қазақстанда «Үркер» орталығы ашылады


Новости / 22 сен 2025 108

Алматы қаласында заманауи үлгідегі «Үркер» білім беру орталығы салынады.

Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің дарынды оқушылары мен жастарға тең мүмкіндік беріп, олардың ғылым, өнер, технология және кәсіпкерлік салаларындағы әлеуетін дамыту арқылы Қазақстанның интеллектуалдық, мәдени және инновациялық өркендеуіне үлес қосатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыру.

«Бұл орталық – дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі дамуының жаңа кезеңі. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін ашып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады. Бұл жастар үшін қазақстандық «силикондық алқап» деп айтуға болады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.