Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырушылар сотталды


Новости / 17 янв 2024 26

ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5% - ға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді.

Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.