Қарағандыда төтенше жағдай режимі жарияланды


Новости / 20 ноя 2023 19

Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

Дереккөз: Қарағанды облысының әкімділігі

«18-19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырына, қабырғасына зақым келді. Қираған шатырдың жалпы ауданы — 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабар түсті», — деді Мұрат Қатпанов.

Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкіміне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды.

ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін тілге тиек етті. Зақым келген үй тұрғындары шатыр мен қаптамны жөндеуге қатысты алаңдаушылық білдіріп жатыр. Қарағандылықтардың бұл сұрағына қала әкімдігі жауап берді. «Төтенше жаңдай шеңберінде қалалық әкімдік ұшып кеткен шатырларды қайта қалпына келтіріп береді» деді әкімдіктен.

Еске сала кетейік, сенбі 18 қарашада Қарағанды облысында қатты жел салдарынан бірнеше ғимаратқа зақым келген болатын.

Дереккөз: kaz.inform

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.