Америкалық ковбойлар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан бақ сынайды


Новости / 20 мар 2024 18

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэллден құралған АҚШ делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Көкпар – ежелгі көшпенділер ойынының бірі. Аталған спорт түрі бірнеше жүз жылдан бері ойналып келеді. Әрине, бұл – өте әсерлі ойын. Қазақстанда «Көкпар» федерациясы жұмыс істейді. Еліміздің көптеген қаласы мен ауылында жыл сайын көкпардан жарыстар өткізіліп тұрады. Ең кейінгі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпаршылары бас жүлдені жеңіп алды. Сондықтан біз биыл да спортшыларымызға зор сенім артамыз. Біз сіздерді осы спорт түрі бойынша алдыңғы қатарлы команда деп білеміз. Сонымен қатар сіздер Орталық Азиядағы көшпелі халықтарының ат спорты ойындарына белсенді араласып, оны АҚШ аумағында насихаттап жүргендеріңіз бізді қуантады. АҚШ командасының көкпарда өнер көрсетуі есте қаларлық оқиға болады деп ойлаймыз», – деді Ермек Маржықпаев.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.