Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі


Новости / 24 мая 2024 8

Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қарғыба су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қалған 4 жоба бойынша ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті инвестициялық ұсыныс әзірлеп жатыр.

«Жаңа су қоймаларының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсартып, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге тиімді ықпал етеді. Осыған дейін министрлік Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын әзірледі. Аталған жұмыстар осы құжат шеңберінде жүргізіледі», - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.