Абай облысында 100-ге жуық жеңіл көлік кептелісте тұр


Полицейлер мен жолдарды тазартуға арналған 3 бірлік арнайы техниканың сүйемелдеуімен шыққан колонна боранға байланысты нөлдік көріну себебінен Көкпекті ауылының 10 шақырымына жетпей тоқтады.

Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автокөлік жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автокөліктер кептелісі пайда болды.

Қазіргі уақытта Көкпекті ауылына құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен жеті адамды эвакуациялады.

Колоннаға кіре берісте адамдарға көмек көрсету мақсатында жолдың ашылуын күтіп тұрған Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері бар.

Бұл жағдай Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтанның ерекше бақылауында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.