2028 жылға дейін Шымкентте 50 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі


Новости / 28 фев 2024 22

Еліміздің үшінші агломерациясындағы оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 2028 жылға дейін 50 340 оқушыға арналған 63 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Ағарту жүйесі еліміздің ең ірі салаларының бірі саналады. Оның үздіксіз сапалы дамуы - ведомствоның маңызды міндеті. Біз білім беру сапасын арттырудың бес негізгі бағытын белгіледік. Кадрлық әлеуетті күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Республикалық кадрлық резервке 208 үміткер кірді, олардың бірқатары мектеп директорлары лауазымына тағайындалды. Биыл тағы 3 мың үміткерді дайындау жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев.(Дереккөз: ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.