2024 жылдан бастап банктер капиталына жеке қадағалау үстемеақысы енгізіледі


Новости / 01 дек 2023 18

Бұл банктердің орнықтылығын арттыру шеңберінде жүзеге асырылады. Оған SREP, AQR және қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде анықталған тәуекелдерге үстемеақылар кіреді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Жүйелік тәуекелдерді азайту үшін банктер мен банк холдингтерін шоғырландырылған деңгейде реттеуді күшейту жұмысы жалғастырылады. 2023 жылдың соңына дейін меншікті капиталдың жеткіліктілігіне, кредиттік тәуекелді шоғырландыруға және банк конгломераттары деңгейіндегі өтімділікке қойылатын талаптар белгіленеді, - деді спикер.

Бұдан басқа, банктік топтардың тәуекелдерін басқару жүйелеріне, сондай-ақ корпоративтік басқаруға қойылатын талаптар белгіленеді. Қазіргі уақытта Агенттік ХВҚ-ның техникалық көмегімен Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі тиісті заң жобасын әзірлеуде. Заң жобасының шеңберінде мемлекет қаражатын тек жүйелік маңызы бар банктерге қатысты және акционерлер мен байланысты кредиторлар шығындарды өтегеннен кейін пайдалану талаптарын қатаңдату көзделеді. Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде мемлекеттің қатысу нысандары мен тетіктері және Үкімет, Ұлттық Банк, Агенттік пен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының рөлдері анықталады.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.