2020 жылдан бастап республикалық автожолдарда су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 20%-ға азайды


Новости / 20 фев 2024 38

ҚР Көлік министрлігі автомобиль және теміржолдардың су басып, шайылып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдап жатыр. Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-Министрге автомобиль және теміржолдардың дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Су тасқыны қаупі бар учаскелерде автожолдарды реконструкциялау шеңберінде учаскелердің бұзылуын болдырмау және автомобильдердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жасанды құрылыстарды қосымша орнату, су өткізу құбырларының диаметрлерін және олардың санын ұлғайту, сондай-ақ жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Теміржол саласында «Мұзжарғыш пен тасқын суларды өткізуге жол мен жасанды құрылыстарды дайындау туралы» бұйрық бекітілді. Оған сәйкес ҚТЖ және ТЖМ аумақтық органдары теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Су тасқыны кезеңінде шаралар қабылдау үшін шамамен 2,6 мың текше метр тас, 8 мыңнан астам кондициялық емес темірбетон шпалдар, 145 құбыр және басқа да қажет материалдар дайындалды. Су тасқыны жағдайы бақылауда, автомобиль және теміржолдардың шайылып кетуіне жол бермеу бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - деді Марат Қарабаев.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.