Жамбылды суға жарытпаған жаңа су министрі ақталды


Открытый диалог / 13 окт 2023 33

2023 жылдың 4 қыркүйегінде Жамбыл облысының экс әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалған.

Еске сала кетсек, Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысы әкімі болған уақытта Жамбыл облысы бойынша 6 ауданда шаруа қожалықтарға су жетіспегендіктен төтенше жағдай жарияланған еді. Шаруа қожалықтар көктемнен бастап су тапшылығы болады деп дабыл қаққан. Бірақ, бұған облыс әкімі мен жергілікті әкімдер мән бермеген. Жамбыл облысы бойынша ірі су қоймаларында су болмай шыққан. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ербол Саурықов айтып кетті. Депутаттың айтуынша бұған жергілікті әкімдер жауап беру керек, солар қолға ерте алу керек еді. Көктем уақытында бұл ақпаратты БАҚ өкілдері жария еткен- деді Саурықов Ербол. Жамбылды суға жарытпаған экс әкім, Су ресурстар министрі лауазымына қалай тағайындалғаны белгісіз. Бір облыстың мәселесін шеше алмаған Нұржан Нүржігітов, басқа облыстарға шамасы жетер ме екен?

Журналистік зерттеу агенттіг і "Xaqmedia.kz"-87774717140

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.