Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланды: асханадағы азық-түліктен ішек таяқшалары шықты


Новости / 18 ноя 2023 20

Жамбыл облысындағы оқушылардың жаппай улануына не себеп болғаны анықталды.

Дереккөз:sputnik.kz

Сараптама қорытындысына сай, ауыл мектебінің асханасындағы 12 түрлі азық-түліктен ішек таяқшалары табылған. Қауіпті бактерия тіпті нан мен компоттың да құрамынан шықты.

Оқыс жағдай осыдан он күн бұрын болған.Мектеп асханасынан бастауыш сынып оқушыларына палау мен компот беріліпті. Бір мезгілде құсып, іші өткен 44 оқушы ауруханаға жеткізілген. Балалармен бірге тамақтанған екі мұғалім де астан ұшынған. Қауіпті жағдайдан кейін дәрігерлер әр үйді аралап, мектептің 400 оқушысының денсаулығын бақылаған. Осылайша мектеп асханасынан уланғандардың саны 61 адамға жетті. Қазір ауруханаға түскендер жазылып, үйіне қайтарылған. Айта кетейік, жаппай уланудан кейін мектеп асханасы карантинге жабылған болатын. Ал оқушыларға ыстық тамақ қашан берілетіні әзірге белгісіз.

Дереккөз:sputnik.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.