ЖАҢА КЕЛГЕН БАСШЫ МАҢҒЫСТАУДА 89 ОРТА БІЛІМ БАСШЫЛАРЫН ОРНЫНАН АЛЫП ТАСТАҒАН.


Маңғыстау облысы білім басқармасы мемлекеттік мекеменің басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызы Маңғыстау облысы бойынша білім саласындағы 89 басшылықты орнынан босатқан.

Оған негіз болған тестілеуден және аттестациядан өтпегендігі айтылды. Мұнайлы ауданы №10 жалпы білім беретін мектептің директоры Қ.Нұрманованы да жұмыстан босатқан. 37 жыл білім саласында жұмыс атқарып келген ұстаз, зейнетке 3 жыл қалғанда орнынан заңсыз алып тастағаны үшін шағым түсірген. "83-ші бұйрық бойынша аттестациядан өтпеген үшін, жұмыстан шығасын деген екен" ұстаз Қ.Нұрмановаға. Ал, Маңғыстау облысы білім саласындағы сапаны реттеу департаментінің басшысы Е.Өмірзақтың айтуынша, Қ.Нұрмановаға толтырылған хаттама дұрыс емес екендігі туралы жауабын берген. Журналистер тарапынан толық жауапты министрліктен де ала алмадық. Бір министрлікке қарайтын Білім басқармасы мен Білім саласындағы сапаны реттеу басқарма басшыларының жауаптары бір-біріне қарама-қайшы болып шықты. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін анықтау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 20 қаңтар 2024 жылы Маңғыстау облысының білім сапасын тексеретіндігін жеткізді.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

https://www.youtube.com/watch?v=C3tM5konaH0

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.