Зейнетақыға жете алмай жүрген 70 жастағы ана


Открытый диалог / 16 сен 2023 24

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылы Емір елді мекенінің тұрғыны 73 жастағы Қарлығаш Сұлтанқызы зейнетақыға жете алмай келе жатқанын ұлы айтып кетті

1984 жылы Түркіменстаннан Қазақстанға көшіп келген. Өмір бойы жолдасы екеуі Жыңғылды ауылында мал баққан. Мал бағып жүрген уақытта құжаттарын жоғалтып алған. "Анамыздың құжаты жоқ, жасы 73 келді, зейнетақы алған жоқ, Түркіменстанның Қашаба деген жерінде туып өскен. Қызыл паспортпен келген"- деді Қарлығаш Сұлтанқызының ұлы. Жергілікті билік құжаттарын жөндеп береміз деп, қолға алынбай кеткен. 13 жыл бойы мемлекеттік мекеменің табалдырығын тоздырып жүргендерін айтты. 73 жастағы Қарлығаш Сұлтанқызының жергілікті шенеуніктерге реніші бар. Зейнетақыдан үмітін үзген секілді. Емханаға ақылы түрде қаратамыз деп кетті баласы. Бүгінгі күнге дейін Қарлығаш әжейді балалары бағып отыр.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.