Қырғызстанға экспорттық электр энергиясының жоспарлы көлемі


Новости / 06 мар 2024 19

Қазақстан мен Қырғызстанның су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының 2023 жылғы 25 тамыздағы су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықтарына сәйкес 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу көлемі жиынтық көлемде 1500 млн.кВтсағ дейін айқындалды.

Оған сәйкес "ЖЭК бойынша РФО" ЖШС (электр энергиясын бірыңғай сатып алушы) мен "электр станциялары" ААҚ арасында Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының профициті (артық) сағаттарында ғана экспорттық электр энергиясының жоспарлы көлемін сатуға шарт жасалды.

Айта кету керек, бұл электр энергиясын экспорттық жеткізу алдағы вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңірлерін суармалы судың қажетті көлемімен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Тоқтоғұл ГЭС-на судың қажетті деңгейін жинақтау үшін ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қырғыз Республикасының энергия жүйесі ішінде электр энергиясын одан әрі бөлу Қырғызстан энергетиктерінің айрықша ішкі құзыреті болып табылатынын атап өткен жөн.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.