ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ


Общество / 09 июн 2023 19

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада аяқталды. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайыста мемлекеттік қызметшілер волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд спортынан сынға түсті.

Дүбірлі сынға 42 команда және 1100-ден астам үміткер қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Аса тартысты бәсекелер нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеңіп алды. Олар 107 ұпай еншіледі. Екінші орынға 96 ұпаймен Түлкібас ауданы әкімді

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада аяқталды. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайыста мемлекеттік қызметшілер волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд спортынан сынға түсті.

Дүбірлі сынға 42 команда және 1100-ден астам үміткер қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Аса тартысты бәсекелер нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеңіп алды. Олар 107 ұпай еншіледі. Екінші орынға 96 ұпаймен Түлкібас ауданы әкімдігі ие болды. Ал үшінші орын Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті командасына бұйырды.

Спартакиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына диплом, медаль және кубок тапсырылды. Облыста топ жарған мемлекеттік қызметшілер республикалық спартакиадаға жолдама алды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.