ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА


Новости / 07 ноя 2023 17

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен кезекті кездесуін аяқтады. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші бойынша 143 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға қойылды. Секторларда жеке мәселелерімен 26 тұрғын әкімнің қабылдауына кірді. Көтерілген сұрақтар мен айтылған өтініштерді заң аясында зерделеп, орындауға 40 тапсырма бекітілді. Қазіргі таңда оның 15-і жүзеге асып, бақылаудан алынды. Қала әкімі жыл басынан бері тұрғындармен түрлі деңгейде 96 кездесу өткізді. Онда берілген 925 тапсырманың 873-і жүзеге асып, қалған тапсырмалар қаржы қажет етуіне байланысты қаланың даму жоспа

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен кезекті кездесуін аяқтады. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші бойынша 143 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға қойылды. Секторларда жеке мәселелерімен 26 тұрғын әкімнің қабылдауына кірді. Көтерілген сұрақтар мен айтылған өтініштерді заң аясында зерделеп, орындауға 40 тапсырма бекітілді. Қазіргі таңда оның 15-і жүзеге асып, бақылаудан алынды. Қала әкімі жыл басынан бері тұрғындармен түрлі деңгейде 96 кездесу өткізді. Онда берілген 925 тапсырманың 873-і жүзеге асып, қалған тапсырмалар қаржы қажет етуіне байланысты қаланың даму жоспарына енгізілді. Орындалған тапсырмаларға келер болсақ, тұрғындардың өзекті деген бірқатар мәселесі шешімін тапты. Мәселен, «Бекзат» мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағы мен Түрік ауылы аумағына жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынуда. Одан бөлек, биыл 15 балалар ойын алаңшасы футбол алаңшасымен бірге салынса, 10 балалар ойын алаңшасы тұрғындар игілігіне берілді. Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шақырымды (39,5 %) құраған. Биыл аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді. Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі – 399,34 шақырымға (47,2%), тас жолдың үлесі 445,6 шақырымға (52,8%) жеткен. Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би - О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.