Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады


Новости / 16 мая 2024 24

Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтардың балалары ерекше назарда болады. Тасқын басталған кезден бастап 614 бала оқу-сауықтыру орталықтарында болған. Қазіргі таңда ол нысандарда 629 бала демалып жатыр. Жазғы демалыс кезінде 3 833 баланы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған.

«Оқу-ағарту министрлігі аймақтардағы оң тәжірибелердің кеңінен таралуын қолға алуы тиіс. Шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілгені жөн. Бүгінде демалыс, сауықтыру орындарын тексеру және қабылдау кестесі бекітілген. Оның сақталуын мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері тұрақты бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.