Су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде


Новости / 24 апр 2024 21

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиеваның айтуынша, медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау пункттерінің және МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтілді.

«Су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пункттерде барлығы 106 медициналық пункт ашылды, оның ішінде бүгінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының эвакуацияланған тұрғындары үшін 59 медициналық пост жұмыс істеуде. Медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 2100 медицина қызметкері, оның ішінде 299 дәрігер, 90 психолог тартылды. Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 742 медицина қызметкері, оның ішінде 143 дәрігер, сондай-ақ 69 психолог тартылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.