ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстандағы лотерея қызметін реттеу туралы айтып берді


Новости / 12 фев 2024 24

ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың айтуынша, Қазақстанда лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

«Заң бойынша жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мұны білген жөн. Өйткені қоғамда лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқан. Бұған тыйым салынады және заң бойынша қудаланады, лотерея операторының қызметі де тоқтатылуы мүмкін», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. (Дереккөз:ortcom)

Сонымен қатар, М. Төлебаевтың айтуынша, қазір лотерея операторы кірістің 80%-дан астамын жүлде қорына жібереді, қалған 20%-ы оператордың кредиторлар, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерді өтеу шығындары, әкімшілік шығындар, салық төлеуден және екі қорға ақша аударғаннан кейін қалған табысы болып табылады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.