Қ Р Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас Прокурор Б.Асыловтың назарына !!
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапидің
Көкірекбаевтың өзі шулықтарды «аямай тақырға» отырғызды.?!..
Біз алғашында ауылға газ келетін болды дегенде қуанып қалған едік… Бірақ, Шу ауданының орталығы 21000 – аса халық қоныстанған Төле би ауылы тұрғындарын 2015 жылдан бері газдандырып жарылқаймыз деген «Париев» ЖШС басшылары жергілікті әкімқарлармен ауызжаласып елімізде жоқ қымбат бағамен халықты алдап ойларына келгенін істеді. Жамбыл облысының сол кездегі әкімі К. Көкірекбаевтың бұрынғы Шу ауданының әкімі Б.Нұркенов пен орынбасары Е. Өмірәлиевке астыртын тапсырмамен осы атышулы мер
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапидің
Көкірекбаевтың өзі шулықтарды «аямай тақырға» отырғызды.?!..
Біз алғашында ауылға газ келетін болды дегенде қуанып қалған едік… Бірақ, Шу ауданының орталығы 21000 – аса халық қоныстанған Төле би ауылы тұрғындарын 2015 жылдан бері газдандырып жарылқаймыз деген «Париев» ЖШС басшылары жергілікті әкімқарлармен ауызжаласып елімізде жоқ қымбат бағамен халықты алдап ойларына келгенін істеді. Жамбыл облысының сол кездегі әкімі К. Көкірекбаевтың бұрынғы Шу ауданының әкімі Б.Нұркенов пен орынбасары Е. Өмірәлиевке астыртын тапсырмамен осы атышулы мердігерді облыстық энергетика басқармасының келісімінсіз Төле би ауылын газдандыруға қабылдатқаны белгілі. Тіптен , бізге жазған жауап хатында ҚР энергетика бірінші вице-министрі М.Жөребеков:- Бұл ретте Жамбыл облысы әкімдігімен жүзеге асырылып жатқан «Шу ауданының 18 елді мекеніне газ құбырын салу» жобасында Төле би ауылына қажет газ көлемі ескерілмегенін атап өткен жөн дейді-мен растайды. Ол аздай, адам өміріне аса қауіпті газдандыру жұмыстарына рұқсат құжаттарын алмаған. Құрылыс жұмыстары сапасыз орындалғандықтан Төле би аулында 2018-19 жылдары 2-3 жерден жерасты жарылыстары орын алды. Олар жайлы 2018 жылы 5 қыркүйекте Ұлттық телеарнаның «Елден хабарынан» көрсетілді.
-
2016 жылы жаңа жылдан басқа құбырлар қымбаттамағанмен D 315 мм. құбырдың 1 метрі 9,4 мың теңгеден 19,4 мың. теңгеге қымбаттады деп,осы құбырлар Төле би ауылындағы көшелерге төселмесе де бағаны 150,0 мың теңгеге көтеріп әр үйді газға қосуға 570,0 мың теңгеге аспандатып жібереді. Сондықтан аудан әкімдігі мен сот және прокуратураға мердігер басшылары жобалық- сметалық құжаттарын әлі күнге дейін көрсетпей келеді. Ауылдағы қай көшелерге D 315 мм. құбырдың төселгенін анықтауға аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтың өзі 2019 жылы 18 желтоқсандағы менің жазбаша сұрағыма , ондай құбыр төселмегендіктен мердігер басшыларынан оңды жауап ала алмады. Жөнсіз еселенген 150000 теңгені ауылдағы 4200 үйге көбейіткенде 630,0 млн . теңгеге айналмайды ма!? Біз 2018 жылдың басында 1200 дей ауыл тұрғындарының өтінішхатымен 600 млн. теңгедей арзандау бағаға «Еркебұлан и К» ЖШС –ін қабылдамақшы болғанда сол кездегі ауыл округінің әкімі Е.Даберов шеткері көшелерді қазғызып тастап кедергі келтірді. Оған қоса 18 мамырда уақытша халықтың келісімінсіз жер пайдалану құқығын беретін Төле би ауылындағы жер учаскесінің АКТ -сін кадастрлікнөмірі 96-096-099-090 үш жылдық мерзімге газ желісі құрылысын жүргізуге «Париев» ЖШС басшыларына сыйға тартты. Керісінше, өз от-басына, ауылдастары қолжетімді бағаға газға қол жеткізе алмай отырғанда , күдікті жолбен екі қабат үй мен сауда дүкенін тұрғызып алды. Үйінің суреті қоса жіберілді.
-
Республикалық «Нұр-Отан» партиясы төрағасының 1- орынбасары М. Құл- Мұхамедке 2016 жылы 1 –қарашада халықтың менің (Мәкен Уақ) атымнан хат жазуыма байланысты 2017 жылдың сәуірінде бағаны төмендету мақсатында облыстық бюджеттен 251 млн.145,0 мың теңге бөлінген еді. Осы айтулы көмекті халыққа бергізудің орнына, жемқорлар пайдаланып кетті. Өйіткені, Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі жоба бойынша 8,7 шақырымдық магистральды құбырлардың 3 шақырымына төселетін D 315 мм.құбырлардың өздерін де 60-65 млн. теңгедей мемлекет қаржысын жымқыру әрекетімен арзан да жіңішкелеу құбырлармен алмастырғандықтан тергеу департаменті басшысының орынбасары Е.Кенжебаевпен 24.04.2020 жылы «Париев» ЖШС басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалып еді. Өкінішке орай, Жамбыл облысы прокуроры Н.Б. Әбдіровтың тарапынан бүркемелі жағдайда мердігердің құрылтайшысы Р. Каримов пен бұрынғы атқарушы директоры Н.Дүйсенбековтердің қулықтарының арқасында жабылып қалды. Айырбасталған құбырлар қалпына келтірілмегендіктен биылғы қыстың аязды күндері көптеген ауыл тұрғындары дірдектеп, тоңып,шықты. Ал, Нұрлан Жақсыбаев болса, бір жыл бұрынғы ҚҚС-ына байланысты 570000 теңгеден кемітілген 62000 теңгені нақты арзандаған 33000 теңгеге қосып, 95000 теңгеге арзандады деп бірнеше мәрте Президент ретінде хат жазған өзіңе – яғни , Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жалған-жауаптарымен алдап келеді,
Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың 14.04.2023 жылы қабылдауында қағаздарымды көрсетейін деп едім, ол көргісі келмей , Төле би ауылындағы газ туралы білемін, дегенде мен шыдай алмай:- Газ мәселісінің 7 жылдан аса шешілмей жатқаны мына қасыңда отырған орынбасарың Нұрлан Жақсыбаевтың тікелей кінәсінен. Халықты ұмытып кетіп, париевтіктердің қолшоқпарына айналды. Ал, мына отырған орынбасарың Серік Сәрсенбековке бірнеше мәрте ескерттім:- Құзырлы орындар арқылы тексертейік, деп, ол да тыңдамай жүр- ді, ашына айттым. Осылардың кесірінен Президентіміз Қ.Ж. Тоқаевқа бірнеше мәрте хат жазып келеміз, дегенде , аудан әкімі Б.Жәнібеков:- жоғарыдан келген хаттарды – біз шешіп, шешім қабылдаймыз, деп, үмітімді біржола үзгендей болды. «Қарға -қарғаның көзін шұқымайды» мәтелі дөп айтылғандай шықты.
-
Төле би ауылын да «газдандыруға» тікелей пәрменді қатысы бар, К.Көкірекбаевтың Дариға Назарбаева мен Қайрат Шәріпбаевпен ымыраласа Шу қаласы халқын тақырға отырғызғанын қайтерсің?! Ашығын айтқанда облыстық мәслихатың обл. бюджеттен газ тасымалына деп 2016 жылы №7-3 шешімінің қосымшасы бойынша 2 млрд.475 млн .теңге қаржы бөлініп тұрғындарды 120000 теңгемен газдандырудың орнына 210000 теңгеге қалталарын қағып, газдандыру бағасын 330000 теңгеге көтеріп өте қымбат жылжымайтын мүліктерін саудаға салған. Бұл жолы да «Жоғарыдағы көкелерінің» астыртын-құйтырқы әрекеттерін нақты дәлелді дерек бола тұра жоққа шығарғысы келген аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев маған жазған ресми хатында газ тасымалына ондай қаражат бөлінбеген деп,оларды қорғағысы келеді. Сөйтіп, Нұрлан Сегізбайұлы бұл әректтерімен бірнеше мәрте Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы ,өзіңе жазғанөтініш хаттарымды жалғанға балап- жоққа шығарып қоймай «ҚР Қылмыстық Кодексі 369- бабы-на, Қызметтік жалғандық жасап» отырған жоқ па?
Шу өңірінің атқа мінерлері әу-баста облыстың «Жарты Патшасындай дөкейге жалпаштанамыз» деп, қарапайым халықты ұмыт қалдырды. «Шу аудандық билер алқасының» төрағасы Қазақбай Байжұманұлы газды арзандатуға менің (Мәкен Уақтегі) М.Құл-Мұхамедке көпшілік атынан хат жазғанымды қаперіне алмай, аталас ағайынсымағы облыс әкімі К.Көкірекбаев қаржы бөлдіруге көмектесті, деп, кәрияларды жаңылдырғысы келді. Ал, аудандық «Қоғамдық Кеңестің» төрағасы Ерболат Досымбаев:- «Париев» ЖШС –ін тауып алып келген менмін деп, өзін көрсетті. Бұрынғы аудан әкімі Б.Нұркенов мердігер басшыларын мақтап ауыл ақсақалдарымен кездесу жиынын ұйымдастырса , аудандық мәслихат хатшылығын атқарған Ержан Өмірәлиев жиналыс сайын мердігер басшыларының өздері келмесе де сойылын соғып оларды шыр-пыр етіп жақтап, қорғаумен болды.
«Мың асқанға , бір тосқан» демекші , өткен жылдың желтоқсан айында К. Көкірекбаев сабазың «ВАZIS CONSUTION» -«INFR.»ЖШС бөлімшесі директоры А. Поплавсийден 800,0 мың. АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсті, деген хабар шығысымен оны қорғаушылардың ауыздарына құм құйылғандай үн-түнсіз қалды. «Жығылып жатқан жанға күлейін деген ойдан аулақпын» сонда да, аудан орталығы Төле би ауылы тұрғындарымен қоса Шу қаласы халқын газдандыру саласында «бірнеше миллиардтаған теңгенің басына су құйып» қымбатшылықты- дағдарыс кезеңінде халықтың қалталарын қағып, құрдымға отырғызған париевтіктер мен Көкірекбаевтай әкімқаралар қашан тексеріліп, қашан жазаланады ?! Сондықтан, аудан орталығы- Төле би ауылындағы 4200 отбасының тең жартысынан астамы 7 жылдан асып барады көгілдір отынға қосыла алмай отыр. Біз мына қалпымызбен қайтіп, «Әділетті Қазақстан мемлекетін құрамыз», Қасым-Жомарт Кемелұлы ! Қазағымыздың салтымен «өзіңнен 6-7 көйлекті бұрын тоздырғандықтан» сен-ге, көшіп сіз деп сызылмауды жөн санадым. Тікелей өз атыңа бағыштап Шу ауданындағы газдандыру саласындағы жөнсіздіктерді жазғаныма бірнеше жылдың жүзі болды, әлде өз қолыңа жеткізбей жүр ме? Еліміздің бетке ұстар «Егемен Қазақстан» мен «Жас Алаш», «Қазақстан дәуірі» газеттерінде т.б. облыстық, аудандық басылымдарда аңқау халықты 7 жылдан аса алдап келе жатқан «Париев» ЖШС жайлы үзбей жарияланып келеді. Облыс әкімі Н. Нұржігітов пен Шу ауданының бұрынғы әкімі , қазіргі Сенат депутаты С.Арубаевқа жазып құзырлы орындар арқылы бізді қатыстыра тексертіп кінә менен болса маған , болмаса қазіргі аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтың кінәсіне қатысты оған қатаң шара қолдануды сұрағанмын. Сондай ақ, бас прокуратура, сыбайлас-жемқорлық агенттігі мен т.б. құзырлы орындар арқылы бізді қатыстыра тексерту жайлы жазып жібергенімізбен баяғы жартас-сол жартас күйінде тексерілмей келеді. 2020 жылы 23 желтоқсандағы Шу аудандық сотының судьясы Ж.С. Саржановтың шешімімен газ тарату құбырының құрылысын қабылдау туралы «Париев» ЖШС –і АКТ –сінің күшін жойды. Газ құбыры астындағы жер учаскілері мемлекетке қайтарылды… Төле би аулынан кететін мерзімі 3 жылға аяқ басса да бұрмалаумен жасалған 1 млрд.632 млн. теңге сметалық-қаржылық ақшамызды , «Париев» ЖШС –басшылары аудандағы құзырлы орындарға көрсетпегенімен, алмай кетпейміз деп отыр.
Құрметті халық қалаулысы Ермұрат Бапи мырза, шулықтарға шындап жаны ашыйды деп , өзіңе ғана сенім артып отырмын! Сондықтан сұранатыным;
А. 2015 –2016 жыл аралықтарында Жамбыл облысы бойынша газ тасымалына бөлінген 8 млрд 310 млн . теңге қайда, қандай мақсаттарға жұмсалды?
Б. 2016 жылғы 14 қыркүйекте № ЭЦБРК-0021/16 «Экспертный центр БРК» ЖШС 1 632, 586 млн. теңгеге жасалған қорытынды сметалық- құжат мердігер басшыларының нұсқауымен бұрмалана дайындалғаны анық.
Ә. 7 жылдан астам уақыт аудан халқын алдап келген К.Көкірекбаев, Б.Нұркенов, Е.Өмірәлиевті, және Д.Назарбаева мен Қ.Шәріпбаевтарды, сондай-ақ, мемлекеттің қомақты қаржысын жымқыруға көмектескен Н.Жақсыбаевты қатаң түрте тексертіп жаза қолдануға;
В. 2016 жылы 1-қарашада М.Құл-Мұхамедке көпшілік атынан тікелей өзім бөлдірген 251 млн.145,0 мың теңгені құзырлы орындармен тексертіп, кінәлілерді жазалап, халықтың игілігіне қайтартуға;
Е. Төле би ауылындағы көшелерге төселді деген D 315 мм. бағасы 1 метрі 19,500 теңгелік құбырлар ешқандай көшеге төселмеген. Бәлен шақырымға төселді деп, екінші сметалық- құжат жасағандығын Өзім дәлелдеймін.
Д. Шу қаласы мен Төле би ауылы аралық 8,7 шақырымдық магистральды газ құбырына жоба бойынша 3 шақырымына төселетін D 315 мм. құбырларды 60-65 млн.теңгедей қаржыны қымқырып, жіңішке құбырларға айырбастап жібергендерін де дәлелдей аламын.
12.06. 2023 жыл. Шу ауданы, Төле би ауылы, Қылышбай көшесі 100 үй. Әлем халықтары Жазушылары және ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Рысқұлбеков және Желтоқсан көтерілісін зерттеуші. Ауданның Құрметті азаматы. Уақ Мәкен Жұмаділұлы. 481116301078, 8 777 430 9903.
Қосымша дәлелді деректер :
1.Газ тасымалына деп Көкірекбаевтың бас пайдасына бөлінген 2 млрд.475 млн. теңгені Н.Жақсыбаев жоққа шығарғысы келгені-«Ақ жолдың» РЕСМИ сайтынан.
2.Жақсыбаевтың жазғанындай 13.04.2017 жылы әбден париевтіктерді пайдаға кенелткен D 315 мм. құбырлар Төле би ауылындағы ешқандай көшелерге төселмеген. Сіздердің тараптарыңыздан арнайы тексеретін кісілер келсе мен көрсетуге дайынмын.
-
27.08.2019 жыл. Бюджеттен 1 млрд.632 млн. теңге бөлінбейтін болды деген Жақсыбаевтың ренжігені.
-
Жақсыбаевтың 13.04.2017 жыл қаржылық өзгерістерге байланысты құбырлардың жалған қымбаттағаны жазылған.
5.Бұрынғы ауылдық округ әкімі Е.Даберовтың күдікті жолмен салдырған уйі.
Қосымша т.б. дәлелді деректер жеткілікті.